Бұл еңбекте ислам тарихының әр кезеңінде пайда болған діни ағымдар мен теріс топтардың шығу себептері мен зиянды көзқарастарна қарсы ханафи мен матуриди сенімі негізінде жауап берілген. Адамның бұл дүниеде адаспай жүруі үшін әуелі сенім негіздерін дұрыс үйрену керек. Кітапта діни негіздер өте анық қарапайым мысалдармен түсіндірілген.
| 287 б. | 3750 тг | 2025 |
Кітапта сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі кезең-кезеңімен баяндалған. Ақырғы елшінің пайғамбарлыққа дейінгі өмірі, елшілік міндеті жүктелгеннен кейін көрген қиындықтары, мұсылмандардың ақиқат жолындағы сынақтары жеңіл әрі ұғынықты тілмен жеткізілген.
| 184 б. | 3750 тг | 2025 |
Бұл еңбекте ислам дініндегі иман, тазалық және намаз, ораза, зекет, қажылық пен құрбандыққа қатысты мәліметтер кеңінен беріліп, адамзаттың ардақтысы Алла Елшісінің (с.а.с.) өнегелі өмірінен үзінділер келтірілген. Әр тақырыпты түсіндіру барысында оқырмандардан келетін сұрақтар мейлінше кеңірек қамтылған.
| 208 б. | 3000 тг | 2024 |
Бұл еңбекте Пайғамбарымызды (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде көріп, оған иман келтіріп, мұсылман болған, кейін олардың жолын жалғастырған әуелгі үш буынның ізімен жүрген сәләф ұстанымының таным-түсінігі мен негізгі көз-қарастары кеңінен баяндалады. Әуелден Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хақ жолында болған ілгерідегі осы сәләф ұстанымы кейіннен түрлі саяси себептермен кірленіп, ақыр-соңы бұл ұстаным бөлек бағыт, ағым ретінде радикал қозғалысының құралына айналды.
| 80 б. | 2490 тг | 2024 |
Бұл әдістемелік нұсқаулықта радикалды ұйымдардың діни түсінігі, олардың діни әдістемесінің жоқтығы мен діни мәтіндерді бұрмалаулары, ақидалық терминдерге көзқарасы, кейбір діни мәтіндерді өз мүддереліне сай теріс пайдаланулары, сондай-ақ радикалды ұйымнан зардап шеккен топтар жайлы егжей-тегжейлі талдаған. Сонымен қатар, оңалту саласында жұмыс істейтін теолог мамандарға радикалды деструктивті ағым өкілдерін оңалту жұмыстарын жүргізуге қажетті әдіс-тәселдер қамтылған.
| 120 б. | 2490 тг | 2024 |
Кітапта ирада, ықтияр, қаза, тағдыр мәселелерінің мәні түсіндіріледі. Сондай-ақ ислам ғалымдарының тағдырға қатысты түрлі көзқарастары, зерттеулері, ой-пікірлері, талас-тартыстары қамтылып, тағдыр, қаза мәселесіндегі проблематикаларға дәлелдерімен ең дұрыс түрде — Құран және Сүннеттің ережелеріне, ақыл мен логикаға сай түсіндірмелер келтірілген. Еңбекте тағдырға қатысты пікір айтқан ғалымдардың қысқаша өмірбаяндарына және кейбір сенім мәзһабтары мен ағымдарға да ақпараттық мақсатта орын берілген.
| 152 б. | 3000 тг | 2024 |
Ислам дінінде адам баласын сансыз сауапқа кеңелтіп, бақытқа жетелейтін амалдар жетерлік. Соның бірі ата-ананы сыйлау, оларды аялап, қадірлеу. Кез келген адам үшін Дүниеде ең қымбат жан оның ата-анасы. Бұл қымбатты жандарды Алла Тағала Құранда дәріптеп, оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндетін перзентке жүктеген. Бұл еңбек ата-анаға құрметтің діни және моральдық салдарын өте анық қарапайым мысалдармен түсіндірген. Кітап дін саласына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналған.
| 28 б. | 1850 тг | 2025 |
Кітап – уахи мен ақыл, шариғат пен заң, руханият пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті айқындап, дінді түсінудің мөлдір өлшемдерін ұсынады. Бұл еңбек уахиға (Құран мен мутауатир Сүннетке) сүйенуді негізгі өлшем етіп қояды, ал тақлид (соқыр еліктеу) пен дәлелсіз даукестікке ғылыми өлшеммен тежеу қояды. Мақсат – сенім мен амалда айқын негіз, қоғамда ынтымақ пен жауапкершілік қалыптастыру.
| 160 б. | 3500 тг | 2025 |
Бұл еңбек өткінші дүние мен ақырет өмірінің ең маңызды кезеңдерін ғылыми және шариғи тілмен сипаттап, сенім, амал және жан тыныштығын қамтамасыз ететін көптеген іргелі және нәзік мәселелерге тоқталған. Туындының көлемі аз болғанына қарамастан, оқырмандарға пайдасын тигізеді деген үміттеміз.
Кітап дін саласына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналған.
| 54 б. | 1850 тг | 2025 |
Қолыңыздағы бұл еңбек — ислам дініндегі ең өзекті әрі күрделі мәселелерді қамтитын терең діни-ғылыми талдауға негізделген. Кітап Алланың Кітабы — Құран Кәрімнің шариғаттағы орны мен діни үкімдердің қайнар көздерінен бастап, кейіннен пайда болған жаңалықтар мен адасушылықтардың табиғатын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне қатысты ілімдер, үмбет ижмасы, мүжтәһидтердің қиясы секілді шариғаттағы негізгі дәлелдер жүйелі түрде сараланады. Кітап дін саласына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналған. (Орыс тілінде)
| 152 б. | 2750 тг | 2025 |
Қолыңыздағы бұл еңбек — ислам дініндегі ең өзекті әрі күрделі мәселелерді қамтитын терең діни-ғылыми талдауға негізделген. Кітап Алланың Кітабы — Құран Кәрімнің шариғаттағы орны мен діни үкімдердің қайнар көздерінен бастап, кейіннен пайда болған жаңалықтар мен адасушылықтардың табиғатын ашып көрсетеді. Сонымен қатар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетіне қатысты ілімдер, үмбет ижмасы, мүжтәһидтердің қиясы секілді шариғаттағы негізгі дәлелдер жүйелі түрде сараланады. Кітап дін саласына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналған.
| 152 б. | 2750 тг | 2025 |
Кітап жазудағы басты ұстанымым — «Өзін-өзі таныған – Жаратушысын таниды». Бұл — тек діни тұжырым емес, адам болмысына үңілудің алғашқы қадамы. Бұл еңбекті ислам діні аясында жазылған түсіндірме мәтін деуге болады. Мақсатым – біреуді сендіру емес, сенетін де, сенбейтін де жанмен ашық сөйлесу. Әркім өз ой түйінін жасауға ерікті. Егер кейбір тұстарым түсініксіз немесе қате көрінсе, ол — менің шектеулі білімім мен әлсіздігімнің көрінісі деп қабылдаңыз.
Кітап барша оқырмандарға арналған.
| 92 б. | 2000 тг | 2025 |
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ «ИХСАН» ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ Нұр-Мүбарак Египет
Хз. Пайғамбардың өмірін ойға алсақ, көз алдымызға көбіне қарт сахабалар елестейді. Алайда тарихи деректер айтады: алғашқы мұсылмандардың басым көпшілігі – жастар еді. Қырық жасында пайғамбарлық міндетін алған Алла Елшісінің (с.ғ.с.) айналасына топтасқан қауымның көпшілігі отыз жасқа жетпеген болатын. Бұл – жастардың ақиқатқа ашық, жүректері таза, арманшыл әрі идеалист болуына байланысты еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрдайым жастарға сенім артты. Сәмура ибн Жүндүптің айтуынша, Ол сахабаларына:
«Мүшріктердің жастарын өлтірмеңдер» – деп өсиет етті.
Жүрек – адамның ішкі және терең қабылдауларын қамтитын илхамдардың, мағыналардың және рухани символдардың қайнары.
Адамды тек тәннен, өмірді тек дүниеден ibaret деп түсіну қаншалықты қате болса, жүректі тек қана қанды айдайтын ағза ретінде тану да сондай қате әрі кем түсінік.
Осы себептен Құран жүректі иманның, хақиқаттың, білім мен хикметтің орталығы етіп қойған.
Құран ең әуелі «табибу-л-қулуб» болған, яғни жүректердің дәрігері болған пайғамбардың жүрегіне түсті және барлық жүректердің...
Имам Матуриди Әбу Ханифадан алып, дамытқан маңызды тақырыптардың бірі – үлкен күнә мәселесіне қатысты шешім. Исламның алғашқы дәуірінде болған ішкі даулар мен фитна (қақтығыстар) нәтижесінде әртүрлі пікірлер мен түсініктер пайда болды. Оқиғалардың қарқынды және жойқын әсері мұсылмандардың кейбір топтарын өте қатал әрі шектен тыс ұстанымдарға итермеледі.
Соңғы уақытта Ақтөбе қаласындағы мешіт ауласында орын алған оқиға қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде әртүрлі пікірлер айтылып, дін атын жамылған кейбір азаматтардың әрекеттері мұсылман қауымының көңіліне қаяу түсірді.
Ислам – тек сенім емес, өмір сүру мәдениеті. Бұл дін адам баласын ең алдымен көркем мінезге, сабырлылық пен сыпайылыққа тәрбиелейді.
Бүгінгі күні хижаб (жабыну) жайлы айтылғанда көбіне оның тек сыртқы сипаты — орамал, киім, денені жабу мәселесі көбірек алға шығады. Алайда ислам дінінде хижабтың мағынасы терең әрі жан-жақты. Бұл — тек мата мен киім емес, иманның, ұяттың, тақуалықтың, көркем мінездің көрінісі.
Құран мен сүннет әйелдің денесін жабуын бұйырғанымен, бұл сыртқы әрекет ішкі жан дүниемен үйлеспесе, толық хижаб болмайды. Себебі нағыз хижаб — жүректен басталады.
Алла Тағала бүкіл жаратылысты көркем әрі сұлу етіп жаратты. Әрбір үлкенді кішілі жаратылыстың орны, белгіленген тәртібімен жүйеленген. Бұл таңғажайып жаратылыстың үлкен мәні Өзі аса сүйіспеншілікпен жаратқан пенделерінің де көркемдікпен кемелділікке тырысып, белгіленген тәртіп бойынша өмір сүру керек екендігін түсіндіру еді. Жаратушы Иеміз тіпті дұрыс өмір сүрулері үшін ақыл есі болмаған жан-жануарлармен құрт-құмырсқаның өзін белгіленген тәртіп бойынша өмір сүретін етіп жаратты.
Алла Тағаланың адамдарға берген нығметтерінің ең маңыздысы, ең құрметтісі – ақыл. Демек міндеттеменің мухатабы – ақыл. Ислам діні өзінің барлық үкімдерінде ақылға шақырады. Зерделі, балиғат жасына толған ерлер мен әйелдер балиғат жасынан бастап, діни жауапкершілікке тартылады және әрбір әрекеті мен істері үшін не сауап алады, не жауапты болады. Ақылсыз адамның діні жоқ. Адамның құндылығы оның ақыл-ойының дәрежесіне пропорционал.
Алла Тағала адамдарды басқа жаратылыстардан дана әрі ізгі етіп жаратты.
«Алматы облысының дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ-нің инспекторы және Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы әрі Алматы өңірі бойынша сектор меңгерушісі.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы Сараптама және зерттеу орталығының Бас сарапшысы.
Нұр-Мүбарак университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры.
2024 жыл, наурыз айынан бастап «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының құрылтайшысы әрі төрағасы, Теология ғылымдарының Phd докторанты.