Оразаның парыз екенін дәлелдейтін аяттар мен хадистер:
Ғибадатта ықылас міндетті. Ықылас ‒ ғибадаттың тірегі. Ықылассыз ғибадат рухсыз дене тәрізді.
Ықылас ‒ ғибадаттар мен әмірлерге мойынсұнуда тек Алланың разылығын алудан өзге ниет-мақсатты күтпеу. Өзгелер көрсін, білсін деген ойдан ұзақ, жалғыз Жаратушының разылығы үшін құлшылық жасау ықыластың негізі болып саналады.
Алланың кітабы мен Елшісінің сүннетінен жеткен хабар бойынша ықылассыз жасалған ғибадаттың ешбір құны жоқ.
Исламның негізін қалаған бес негіздің біріншісі иман мен сенімге қатысты. Яғни ол жасауға болатын немесе болмайтын нәрсе емес, сенімге қатысты нәрселер.
Ислам сенімінің негізі – Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, ақырет күніне, барлық жақсылық пен жамандықтың Алланың қалауымен болатынына сену.
Иман кемелдікке қалған төртеуімен бірге жетеді. Осы төртеуінің бірі – діннің тірегі болған намаз ‒ қалған үшеуінің ең қайырлысы.
Осы күнде халық арасында елді күпірлікпен айыптап, кәпірге шығарушы бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналған теріс ағымның бірі «Харажиттер» немесе «Тәкфиршілер» ағымы. Бұл радикалды топ алғашында тарих саханасына «харажит» есімімен шығып, күнімізде «Такфир уал хиджра» ұйымы ретінде дүниенің төрт бұрышында жалғасын тауып келеді. Күпірлік ислам дінін ұстанушы момын мұсылманның сақтануы қажет болған үкім екендігі анық бола тұра, «Тәкфиршілер» жамағаты қандай да бір ағаттыққа барған адамды кәпірлікпен айыптап, күпірге түстің деп кінә тағып, ел ішіне іріткі салуда.
«Йакын Инкар» Елімізде экстремистік деп танылған «Таблиғи Жамағат» ұйымынан кейіннен бөлініп шыққан тобы. «Таблиғи жамағат» ұйымы Мәулана Мұхаммед Ілияс (1917-1965) тарапынан 1926 жылы Үндістанның Делхи маңындағы Мәуат мекенінде құрылған. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Үндістан мұсылман халқының өзге діни сенімге бет бұруының артуына қарсы құрылған қозғалыс. Жаһандануға қарсы үнді мұсылман халқының әуелгі ұстанымына қайта оралуды құптаған осы жолды диобент бағытымен біріккен жамағат.
Мамыр айы аяқталарда «терроризмді насихаттады» деген күдікпен Алматыда екі шетелдік азамат ұсталды. ҰҚК мәліметі бойынша, олар ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Біздің елімізге биыл келіпті. Тұрақты жұмыс істемеген. Әлбетте, қазір тергеу жүріп жатқандықтан, өзге ақпарат жария етілмейді. Дегенмен радикалды дінге тартылғандардың елімізге қандай мақсатпен келгенін аңғару
қиын емес.
Үлкен ғалым және ойшыл Мұхаммед Ихсан Оғыз Рамазан айының 27-сі, һижри 1304 жылы (1887 жылы 19 маусымда) Кастамонуда дүниеге келген. Әкесінің аты – Атауллаһ, анасының аты – Хажар. Атасы Қажы Хафиз Ахмед және үлкен атасы Қажы Мехмед Кастамонуда «Кішкентай Хаттат»[1] және «Үлкен Хаттат» деп танылған. Сол себепті отбасыларына «Хататзадалар» деген. Кастамонудағы Девежи Султан және Йарабжы Хожа ауданындағы мектептерінде сауат ашқаннан кейін лицейдің бастауыш мектебін және орта мектепке дайындық бөлімін бітірген.
Адам баласының өмір кешкен қай қоғамында болмасын індет пен ауырудан алыс пенде болмаған. Науқастанған адамның ем алуы үшін дәрігерге жүгінуі қалыпты құбылыс. Адамдардың сырқатануы мен дәрігерге деген мұқтаждығының тарихи төркіні адамзаттың тарихымен тығыз байланысты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласындағы алғашқы Ислам мемлекетінің негізін қалау барысында адамдардың денсаулығына өте мұқият мән беретін.
«IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының құрылудағы негізгі мақсаты – дін қызметкерлеріне, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдеріне, жалпы дінге қызығушылық танытқан жандарға діни және теологиялық біліктілігін арттыру үшін діни экстремизмге қарсы тұру мәселелері бойынша білім беру және ғылыми-тәжірибелік пәндерді үйретіп, оқыт
Деструктивті деп пиғылы мен ойлау жүйесі теріс, сауаты төмен, түсінігі тарларды айтамыз. Діни тұрғыдан түсініктеме берер болсақ біздің сан ғасырлық діни ұстанымымыздан яғни ханафи мәзһабы мен матуриди сенімімен үйлеспейтін өзіндік оғаш діни көзқарасы бар кері тартпа жамағат. Бұл теріс пиғылды қой терісін жамылған жамағат көсемдері күнімізде көше кезіп табанын тоздырмай-ақ интернет арқылы бүкіл кеңістікке сөздерін жеткізуде.