АҚЫЛ-АСҚАҚТАТАР

       Алла Тағаланың адамдарға берген нығметтерінің ең маңыздысы, ең құрметтісі – ақыл. Демек міндеттеменің мухатабы – ақыл. Ислам діні өзінің барлық үкімдерінде ақылға шақырады. Зерделі, балиғат жасына толған ерлер мен әйелдер балиғат жасынан бастап, діни жауапкершілікке тартылады және әрбір әрекеті мен істері үшін не сауап алады, не жауапты болады. Ақылсыз адамның діні жоқ. Адамның құндылығы оның ақыл-ойының дәрежесіне пропорционал.

       Алла Тағала адамдарды басқа жаратылыстардан дана әрі ізгі етіп жаратты. Жануарларда ақыл жоқ, ол адамға ғана тән.

     Алла Тағаланың адамдарға берген нығметтерінің ең маңыздысы, ең құрметтісі – ақыл. Демек міндеттеменің мухатабы – ақыл. Ислам діні өзінің барлық үкімдерінде ақылға шақырады. Зерделі, балиғат жасына толған ерлер мен әйелдер балиғат жасынан бастап, діни жауапкершілікке тартылады және әрбір әрекеті мен істері үшін не сауап алады, не жауапты болады. Ақылсыз адамның діні жоқ. Адамның құндылығы оның ақыл-ойының дәрежесіне пропорционал.

     Алла Тағала адамдарды басқа жаратылыстардан дана әрі ізгі етіп жаратты. Жануарларда ақыл жоқ, ол адамға ғана тән. Оларда адамдар сияқты «сезім мен әрекет, ашу мен шәһуат, пайда табу және зиянды жою» сияқты әрекеттер мен мінез-құлықтар болғанымен, олар әрқашан инстинктивті болып табылады. Олардың әрекеттері саналы, ойлы, мағыналы әрекеттер мен мінез-құлық түріне жатпайды.

    Дегенмен ақыл қаншалықты маңызды болса да, дүние мен ақырет бақытының себептерін анықтап, осындай маңызды мәселелерді шешу үшін, иләһи уахи қажет. Ақылдың талқыланатын мәселелердің нәзік тұстарын ұғып, уахи арқылы ақиқатқа жетуі ғана мүмкін. Өйткені ақыл тек материалдық нәрселер мен оқиғаларды біледі. Ақылдың бір нәрсенің мәні мен ақиқатына жетуі қиын, тіпті мүмкін емес.

       Сырттан дәлел іздеудің қажеті жоқ! Адам өзіне тән нәрсені де түсінуге қабілетсіз: өзін, жанын, болмысын. Ақыл-сезім, бақылау және тәжірибе әлемінде жеткіліксіз болса, ғайып әлемі мен ақырет өміріне қатысты мәселелерде қалай жеткілікті болмақ?

     Алайда ақыл уахи мен пайғамбарлық нұрымен нұрланған соң ғана мәселелердің мәні мен шындығын анықтауда, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратуда, түсінуде дәлел және құрал бола алады. Өйткені уахи – Алланың сыйы әрі ақыл таба алмайтын ережелер мен мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін, оны бәле-жаладан, қауіп-қатерден аулақ ұстап, құтқаратын, әрбір мәселені шешуге жеткілікті ететін иләһи нығмет. Иләһи білім мен ілімнің негізі болған Алланың бұл сыйының түскен жері – Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрегі, оның ең жоғарғы бастауы – Алла. Бұл мәлімдемелерден адамның және адамның ақыл-ойының уахи мен пайғамбардың жіберілуіне өте мұқтаж екенін түсінуге болады.


Ақыл және оның түсініктемесі
 

   Адам өмірінде ақыл шеңберінен тыс қалатын мәселе немесе оқиға жоқ. Бірақ «Ақыл деген не, не нәрсе?» деген сұраққа барлығымыз сәл кідіріп, бірден жауап бере алмай қаламыз. Бұл жағдайды жою үшін, ақылды сипаттап, түсіндіріп, оның қасиеттерін нақтылау қажет. Ақыл-ойды ілім данышпандары әртүрлі сипаттап, анықтады. Ең маңыздылары төменде келтірілген.

Ақыл:

  1. Бұл ‒ рухани нұр, ол арқылы қажетті және теориялық білім қабылданады.
  2. Бұл ‒ адамдарға қабылдауға мүмкіндік беретін Алланың аманаты.
  3. Жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды айыра алатын адамның жүрегіндегі нұр.
  4. Орны ‒ мида, нұры ‒ жүректе болған жаман істерден иесін хабардар етіп, оларды жасаудан тыятын қабілет.
  5. Бұл ‒ Алланың рахымы мен жәрдемі арқылы иесін дүниенің жамандығынан, ақырет өкінішінен сақтайтын қасиет.
  6. Оның көмегімен адам ғылым мен техниканы меңгеруге және Аллаға сену мен руханиятқа қатысты мәселелерді түсінуге күш пен қабілет алады.
  7. Көзге көрінбейтін және белгісіз нәрселерді дәлелдер арқылы анықтап, көрінетін нәрселерді бақылау мен сезім арқылы ұғатын зат.
  8. Бұл құралдар кемшіліксіз болған жағдайда, қажетті ақпаратты қабылдай алатын инстинкт.

      Шамасы, ақылды сипаттауда келіспеушіліктер мен қиындықтар бар. Білім мен ізгілік иелерінің көзқарастары мен ойлары бір-біріне ұқсамайды. Адам бойындағы көзге көрінбейтін иләһи ерекшелік болып табылатын ақыл-ойды оның барлық қырларымен анықтау және сипаттау мүмкін емес. Олай болса, Алла тағала берген бұл құнды ерекшелікті аталған барлық анықтамалар мен сипаттарға ие «иләһи нұр, рахым және аманат» деп атау ең орынды пікір болмақ.

 Білуші, Жомарт, Рахымды, Хикмет иесі Алла Ұлы.

 

«IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығынан жарық көрген
«BAQYTTYÑ KILTI» кітабынан