СҮННЕТ ТҰҒЫРЫ - БАСШЫҒА БАҒЫНУ

Алла Тағала бүкіл жаратылысты көркем әрі сұлу етіп жаратты. Әрбір үлкенді кішілі жаратылыстың орны,  белгіленген тәртібімен жүйеленген. Бұл таңғажайып жаратылыстың үлкен мәні Өзі аса сүйіспеншілікпен жаратқан пенделерінің де көркемдікпен кемелділікке тырысып, белгіленген тәртіп бойынша өмір сүру керек екендігін түсіндіру еді. Жаратушы Иеміз тіпті дұрыс өмір сүрулері үшін ақыл есі болмаған жан-жануарлармен құрт-құмырсқаның өзін белгіленген тәртіп бойынша өмір сүретін етіп жаратты. Шынымен де адам болып жер бетінде дұрыс өмір сүру үшін ешбір дәлелді қажет етпейтін бірнеше үлкен қажеттіліктерге мұқтажбыз. Солардың ең үлкені бірлік пен тыныштық және жүйеленген тәртіптің болуы. Бұл ұғымдар Жартушымыз тарапынан берілген үлкен нығмет.

Ал, тәртіп белгілі бір адамға бағыну арқылы жүзеге асатын құбылыс. Алла Тағаланың басшыға бағынумен белгіленген тәртіп бойынша өмір сүруді бұйыруының себебі, тұтас қоғам болып өркендеп, бейбіт өмір сүруді қалауынан. Сонымен қатар, бұл жүйе белгіленбесе қоғамда бейберекетсіздіктер орын алып, елдің жарқын болашағы болмасы кез келген сау ақылға белгілі. Бұл заңдылық адамзаттың ертеңі үшін өте маңызды болғандықтан Алла Тағала Құран Кәрімде былайша бекіткен:


يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ ۖ فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلًا

«Уа, иман келтіргендер! Аллаға қалтқысыз бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ өз араларыңнан болған басшыларыңа бағыныңдар.  Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, қандай да бір мәселе төңірегінде өзара келісе алмай таласып қалғандарыңда, Аллаға және Алла елшісіне жүгініңдер.Солай істегендерің әлдеқайда қайырлы һәм ақыры да анағұрлым жақсы болады»[Ниса сүресі 59  ], — деп баяндаған.

Ислам дінін бірлік пен айнымас тәртіптен ажырату мүмкін емес. Тіпті, шариғаттың әрбір қағидаттары бірлікпен тәртіпке негізделген. Мысалға мұсылмандар айт және жұма намаздарын бір уақытта бір адамның артына ұйып оқуы, барлық мұсылмандардың ораза күндері бір уақытта ауыз бекітіп бір уақытта ауыз ашуы, сонымен қатар миллинодаған  мұсылмандардың бірдей тәртіппен және бірдей киімдер киіп қажылық жасауы сияқты дәлелдерді  көптеп келтіре беруге болады.

Бүгінде Пайғамбар сүннетімен жүреміз құранның қағидасын қалтқысыз ұстанамыз дейтін кейбір бауырларымыз басшыға бағынамыз бүлікке қарсымыз дегенімен мешіт имамына ҚМДБ шығарған шариғат пәтуаларын мойындамай жатады. Жамағат намазында әминді дауыстап айтуы т.б. Бүгінгі күнде әлем бойынша тыныштық пен тұрақтылық маңызды мәселе болып көтерілуде. Біздің еліміз үшін де тыныштық пен тұрақтылық басты құндылықтардың бірі. Күн өткен сайын бұл құндылықтың маңызы арта берері сөзсіз. Сондықтан еліміздегі әрбір азамат бұл құндылықтың жауапкершілігін сезініп, әр қайсымыздың сөзіміз бірлікпен, тыныштықпен басталып, осы тілекпен аяқталса деймін.

Тимур Нүсіпханұлы
“İhsan” ғылым және мәдениет орталығының төрағасы