Білікті дінтанушы – қоғамның рухани бағдарын айқындайтын тұлға. Оның міндеті – тек білім беру емес, сонымен қатар адасудың алдын алып, дұрыс түсінік қалыптастыру.
Осы бағытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығы» директорының орынбасары Тимур Нүсіпханұлы маңызды семинар өткізіп, қоғам үшін өзекті мәселелерді талқылады.
Семинарда діни сауаттылықты арттыру, жат ағымдардың алдын алу және жастардың санасын дұрыс бағытта қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.