Жастармен заманауи бағыттарда (тренинг, кітап оқу, білім сайыстары, тимбилдинг, лекториум, ашық аспан және т.с.с.) жұмыстар жүргізу бағытында коворкинг орталықтарын ашу;
Дін саласы жұмыстарына психологиялық, теологиялық және әлеуметтанулық жұмыстар бойынша әлеуметтік сауалнама, сұрақ-жауап, зерделеу, талдау, жұмыстарын жүргізу;
Өңірлердегі дін істері басқармаларының, дін мәселелерін зерттеу мекемелерінің, қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінің теолог, дінтанушыларын, өзге де қызығушылық танытқан мекемелер қызметкерлерін, діни бірлестік қызметкерлерін (имам, ұстаз, молда, азаншы) оқыту, сонымен қоса, жергілікті және республикалық ақпараттық түсіндіру топтары мүшелеріне арнап курстар, өзге де шаралар ұйымдастыру;
Жергілікті атқарушы органдардың ықпалымен деструктивті радикалдық ағым ерушілеріне арнап, курс ұйымдастыру;
Мүдделі органдарды хабарлай отыра шетелдерден діни экстремизмге қарсы біліктілігі бар мамандар шақыртылуды ұйымдастыру;
Діни, рухани кітаптарды басып шығару, діни экстремизм мәселесіне қатысты методикалық құралдарды құрастыру және басып шығаруды жүзеге асыру;
Діни экстремизм мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға, діни бірлестіктерге, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларға консалтинг және ұсыным жасау;
Діни экстремизмге қарсы аудио және видео материалдарды дайындау
Экстремизм мен тероризмге діни дәлелдермен әлеуметтік зерттеу жүргізу;
Діни және теологиялық материалдарға жүргізілетін сараптамаға жәрдемдесуді ұйымдастыру;
Діни экстремизм мен тероризм мәселесіне қатысты бағдарлама, жоба, стратегия әзірлеу;
Экстремистерді дерадикалаудың ең прогресивті отандық және шетелдік бағдарламаларын зерттеу;
Діни экстремизм мен тероризм мәселелері жөніндегі мерзімді журналды немесе бюллетенді шығару;
Қазақстанның тарихы және оңды өзінің ізін қалдырған беделді қайраткерлері туралы білімді тарату;
Қызығушылық танытқан мекемелер, ұйымдармен ғылыми және мәдени тәжрибе алмасуды ұйымдастыру;