ЫҚЫЛАС–ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Ғибадатта ықылас міндетті. Ықылас ‒ ғибадаттың тірегі. Ықылассыз ғибадат рухсыз дене тәрізді.

Ықылас ‒ ғибадаттар мен әмірлерге мойынсұнуда тек Алланың разылығын алудан өзге ниет-мақсатты күтпеу. Өзгелер көрсін, білсін деген ойдан ұзақ, жалғыз Жаратушының разылығы үшін құлшылық жасау ықыластың негізі болып саналады.

Алланың кітабы мен Елшісінің сүннетінен жеткен хабар бойынша ықылассыз жасалған ғибадаттың ешбір құны жоқ. Өйткені жалғыз Алланың разылығы үшін орындалмады әрі өзге ойлар мен мақсаттар араласып кетті. Ал әмір мен тыйымнан тыйылмау ‒ Алланың әділ құлдарына қайшы әрекеттер.

Сонымен қатар кімде-кім ықылас иесі болса, құлшылық амалы қабыл болып, оның сыяпатына қауышады. Жәһаннамда тазару жағдайына түспейді. Алайда ұлы нығмет пен нәсібі аз болады. Ықыластың амал мен құлшылықтағы орны ерекше. Оның түсіндірмесі ұзақ әрі өте маңызды.
Алланың рахымы мен мейірімі шексіз. Мұны ұмытпай, үмітсіздікке түспей, Иләһи әмірге мойынсұнып, ізгі амалдар атқару керек. Амалдардың орындалуында халық көрсін деген ниетпен ашық-жасырын жасалған істің бұл түрін риа дейміз. Ғибадат амалдарын көрер көзге көрсетіп, ашықтан кірлеткен іске де сүмә атауы берілген. Осындай теріс пиғылды кері істер мен ниет жасырын ширк деп аталған. Сондықтан ғибадат-амалдарымызда мұндай кірленуге түспей, шынайы ықыласпен орындауға тырысуымыз керек.
Сонымен қатар ужуб деген жаман мінез бар. Ужубтың мағынасы ‒ өзін әрі жасаған амалдарын жоғары санап, мақтанып, мінсіз тұлғамын деп ойлау. Алла Тағала бізді әрдайым осындай жаман ниет-пиғылдардан қорғап, Пайғамбарымыздың адал үмметі болуды жазсын. Ықыласқа байланысты көптеген аят-хадистер жеткен, солардың бірқатарын төменде ұсынамыз.

Ықылас жайындағы кейбір аяттар

1. «Көңіл бөліп біліңдер; Алланың алдында қабыл болған дін ‒ таза әрі ешнәрсе араласпаған нағыз хақ дін» .
2. «Сондай-ақ кім Раббыңа жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббыңа істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ етпесін де»
3. «Ендеше Алла Тағалаға нағыз ынта-ықыласпен ғибадат етіңдер» .

Ықылас турасындағы маңызды хадис

       Имам Насаиден жеткен хадисте ықыластың маңыздылығы тұрғысында былай делінген: «Алла Тағала көрер көз, естір құлақ немесе өзгенің ризашылығын күту мақсатында орындалған амалдардың ешқайсысын қабылдамайды».
Ықыластың маңыздылығы мен мәні турасында Алла елшісінен жеткен хадистер өте көп, біз осы қасиетті хадисті жеткізумен шектелуді жөн көрдік. Ықыласқа байланысты үкімдер, қысқаша анықтамалар да осы жерде қорытындыланды.

«IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығынан жарық көрген
«Ислам ғылымхалы» кітабынан