«Жетісу облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының арасында өзара әрекеттестік туралы МЕМОРАНДУМ

      Талдықорған қ.                                 
     «Жетісу облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласы әділет басқармасында 14.12.2023 ж. БСН 231240014703 нөмірімен тіркелген, ары қарай, «Жетісу облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысының ретінде Жаңабай Сағыныш Асқарұлы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысының Әділет департаментінің 7 наурыз 2024 жылғы БСН 240340008699 нөмірімен тіркелген, қоғамдық қоры «IHSAN»  ғылым және мәдениет орталығы» ары қарай «Орталық», атынан орталықтың бірінші бастығы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы, «Халық арасында деструктивті діни идеологияның  таралуына жол бермеу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, осы Меморандумды бекітуге уағдаласты.