Сириядағы қақтығыстың соңы қашан?

Ұлыбританияның Сириядағы Адам Құқықтары Бақылау Орталығының (SOHR) соңғы мәлімдемесіне сәйкес, бейсенбі күнінен бері Хейет Тахрир Аш-Шам (HTŞ) басқарған күштер Сирияның жағалау сызығы мен Латакия тауларында 39 қырғын мен басқа да жеке жазалаулар жасады, нәтижесінде 973 бейбіт тұрғын қаза тапты. Латакияда 545, Тартуста 262, Хамада 156, Хомста 10 бейбіт тұрғын қаза болды. SOHR қайтыс болғандардың арасында әйелдер мен балалардың да бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, HTŞ күштерінен 231 және қарулы Алави топтарынан 250 адам қаза тапты. 6 наурыздан бері қайтыс болғандардың жалпы саны 1454-ке жетті.

       «Тексерусіз үйлерге кіріп, атқылауда»

    Қақтығыс аймағында тұратын және аты «Султани» деп жазылуын сұраған адам, өңірдегі соңғы жағдайды Мезопотамия агенттігінің Хамдуллах Яғыз Кесенге айтып берді. HTŞ ел басқаруды қолға алғаннан кейін тонау мен кісі өлтірулердің басталғанын айтқан Султани: «Бізді аштыққа және сусыздыққа қалдырды. Жұмыстарымыздан айырды. Әйелдерді ұрлады, фермерлерді өлтірді, балаларды өлтірді. Халық аштық пен кедейлік көріп отыр. Тонау мен кісі өлтіруден кейін бұл жағдайға қарсы наразылық болды», – деп баяндады.

        Радикалды қозғалыстардың әрекеттері ең әуелі Ислам дініне зиянын тигізді. Бұл жағдай «исламофобия» деп аталған Исламға қарсы түсінік пен ойларға негіз дайындап берді. Жабық бір құрылым болған, пайда болуы және өсу процесі қалыпты шарттармен түсіндіру мүмкін емес болған бұл ұйым Батыс және әлемнің басқа да аймақтарында өмір сүріп жатқан барша азшылық топты құрайтын мұсылмандарды Исламға қарсы әрекеттердің нысанасына алып келді. Бұл мұсылмандар үрей ішінде өмір сүріп, сыртқа шыға алматындай жағдайға келді, тіпті үйлерінің ішінде болса да өздерін қауіпсіз сезінбейтіндей күйге түсті. Бұл жағдай ұлтшылдық пен шетелдіктерге деген дұшпандықтың отын тұтатты. Адамдардың ойына Ислам дегенде бұдан былай Пайғамбарымыздың үлгілі тұлғалығы, Құранның рахмет және шипа болуы емес, Исламды құдды бір «баскесер діні» ретінде танытқан зорлық-зомбылыққа негізделген жазалау бейнесі келетіндей жағдайға жетті. Таяу Шығыстың көзқарасымен қарасақ, ұйым өзінің әрекеттерімен көптеген адамдардың жанынан, малынан, тұрған жерінен және отанынан айырды. Бұдан бөлек жаһандық күштердің де аймаққа ықпал ете бастауына жол ашып берді. Аймақтағы халықтардың отарлаушыларға қарсы көрсеткен азаттық күрестері мен егемендік жолындағы әрекеттерінің заңдылығы және осы секілді ұйымдардың әрекеттері нәтижесінде оң қабылданбайтындай, тергелетіндей жағдайға жетті. Аймақтың тарихи, мәдени ерекшеліктері мен сезімдерін мойындамайтын, танымайтын және бұларға қарсы күрес жүргізген радикалды ұйымдар жергілікті халықтың сыртқы күштерге төтеп беру динамикасын бұзған немесе олардың дұрыс жолдағы күрестерін әлсіреткен. Исламға және әлемдегі мұсылмандарға зардабын тигізген радикалды ұйымның физикалық құрылымы құлдыраса да, ұйымның қайта «өніп шығуына» негіз дайындаған шарттар жалғасуын тоқтатпайынша осыған ұқсас ұйымдардың қайта шығу қаупі бар.

Тимур Нүсіпханұлы
«IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрғасы теология phd док.