Нұр-Мүбарак университеті студенттері «Ихсан» орталығында өндірістік тәжірибеден өтеді 🤝📚
«Ихсан» ғылым және мәдениет орталығы мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті арасындағы ынтымақтастық аясында теология және дінтану мамандығының студенттері 2025 жылғы 28 қазан – 29 қараша аралығында орталықта өндірістік тәжірибеден өтеді.
Бұл бастама – болашақ дінтанушылар мен теологтардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибелік білімдерін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам.
Тәжірибе барысында студенттер орталықтың ғылыми, мәдени және медиа бағыттарындағы нақты жобаларға қатысып, дін мен қоғам тақырыптарындағы іс-шараларды ұйымдастыру мен ақпараттық жұмыстың қыр-сырын меңгереді.
«Ихсан» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы Тимур Нүсіпхан бұл тәжірибенің жастардың рухани және зияткерлік дамуына серпін беретінін атап өтті.
Орталық пен университет арасындағы осындай серіктестік – елдің діни-ағартушылық саласында жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған игі қадам.