📍 Талдықорған. 22 қазан 2025 жыл
Бүгін Жетісу облысында өткен «Дінтанушылар мен діни бірлестік басшыларының республикалық форумына»
IHSAN – ғылым және мәдениет орталығының төрағасы Тимур Нүсіпхан қатысып,
«Цифрлық Қазақстан: Болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
🔹 Форум барысында рухани жаңғыру мен діни сана мәдениетін дамыту бағытындағы тәжірибе талқыланды.
🔹 Тимур Нүсіпхан мырза Жетісу облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл марапат – IHSAN орталығының рухани ағарту мен қоғамдағы тұрақтылыққа қосқан үлесіне берілген жоғары баға.