Түркияның жаңа дін істері жөніндегі атташесімен кездесу 🤝🇹🇷🇰🇿
«Ихсан» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы Тимур Нүсіпхан Түркия Республикасы Дін істері басқармасының еліміздегі жаңадан тағайындалған атташесі Али Гүлден мырзамен кездесті.
Кездесуде екі ел арасындағы рухани және мәдени ынтымақтастықты арттыру, ортақ кітап шығару, медиа саласында бірлескен семинарлар өткізу, сондай-ақ жастарға арналған ағартушылық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Бірлік пен өзара түсіністікке негізделген бұл кездесудің нәтижесінде жаңа идеялар мен игі бастамаларға жол ашылды. 🌿