Ақиқатты іздеудің басты екі жолы бар. Оның біріншісі ‒ «дін жолы», екіншісі ‒ «философия жолы». Дін жолын ‒ пайғамбардың жолы, ал философия жолын философтардың жолы деп атайды. Дін жолы ‒ тек ақылға немесе нақылға сүйенетін жол емес. Керісінше, ақыл мен көзқарас һәм ақыл мен уахи жолы. Себебі жалаң ақылға сүйенетін жол кемшін болады. Өйткені бұл жолдың көрсететін бір сенімде әрекет ету тұсы ‒ оны ойлаушының өзі шығарған. Сол себептен бұлай сенудің құны солай ойлаушыға байланысты. Оның сипаттары мен ойлау деңгейіне қарай өзіне тән және кемшін болып жатады.
Ақиқатқа қол жеткізу үшін, ақылдың жалғыз өзі жеткіліксіз. Олай дейтініміз – ақыл тек объективті нәрселерді біледі. Бір нәрсенің өзегіне жету, бастамасы мен соңын, мақсатын толық білу ақылға ауыр келеді. Тіпті мүмкін емес деуге болады. Адам өзіне ең жақын болған нәпсісін (яғни рухының не екенін) де толық білмейді. Ақылдың сезім әлемінде және тәжірибеде әлсіз екендігі анықталған соң, ғайып әлеміне қатысты істерде дәрменсіз екені тіптен белгілі.
Сол себептен ақыл – бақыт жолын табу мен тануда уахиға мұқтаж. Өйткені ақылдың шамасы келмейтін маңызды мәселелер тек уахидың жол көрсетуімен ғана шешіледі. Уахи – пайғамбар оның Алладан келгенін санасы әрі жан-тәнімен қабылдайды. Уахида іркілу жоқ. Басқа біреудің ойы мен алдын ала қалыптасқан пікірмен қол жеткізетін нәрсесі пайғамбарға Алла тарапынан білдіріледі, үйретіледі. Адамның жандүниесіндегі рахат, іштей сенімділік, жүрек тыныштығы тек уахимен шешіледі.
Өмірде ерік-қалау маңызды, ерік-қалауда ой маңызды. Сананың танышытығын беретін сенімнің өмірге үлкен әсері бар. Өйткені адамның жаны жүйе мен бірлікті қалайды. Бұл жүйе мен бірлікті қалау санада қаншалықты айқындалып қорғалса, ар-намысқа қатысты үкімдер де соншалықты күшті және жинақы болады. Амал да соншалықты деңгейде үкімнің күш-қуатына сай болады. Адам сенімінің негізін құрайтын басты негіздер әртүрлі қайнардан келеді. Бұл қайнардың ең дұрысы және жүйелісі, әсерлі және нақты болғаны да ‒ білім мен тәрбие. Оның хақ және қасиетті болғаны ‒ пайғамбарлық нұры. Себебі қасиетті бастауы ‒ Хақ Тағала.
Дін жолы – ақыл таба алмаған жоғары негіз бен мақсаттарға жететін, әсерленген қателігі мен жамандықтардан құтқару үшін, иләһи нұрмен қолдау тапқан түп-түзу жол. Сонымен қатар дін жолы толықтай нақыл мен сахих хабарға ғана сүйеніп қоймайды. Өйткені тек нақылға сүйенген жол еліктеуден құтыла алмайды. Дін жолы ақылға көпе-көрнеу бағынудан құтқарады. Оны жауапкершіліктің себебі етеді. Ақыл ‒ дәлел, дін ‒ басшы. Яғни әмір мен тыйымды дін қояды, ал оны қабылдайтын ‒ ақыл.
Құран Кәрімде елуге тарта аятта «ақыл саларсыңдар, ақылға салады» деп келеді. Бұл исламның ақылға қаншалықты мән бергенін көрсетеді. Ақыл қабылдамайтын, жоққа шығаратын нәрсе діни тұрғыдан да солай қабылданады. Иманға қол жеткізу үшін ақылды қолдануға бұйрық берілген (Яғни адам иманында нақты дәрежеге жету үшін, ойлануы және ақыл жүгіртуі керек). Ақылдың орны өте жоғары. Дін жолы – әлемде бақыланған жүйе және деңгей арқылы себептер мен салдарлар арасындағы байланыстың алдында білім мен хикмет иесі Алла Тағаланы табуға, түсінуге шақырады. Ақыл бұл зерттеу мен дәлелдерге сүйене отырып, жалғыз Жаратушыға жетеді. Діни әдісте ақыл – жаратылысындағы тазалық пен әсерге көзқарас пен ойдың тазалығына оралады. Бұл жолда жаратылыстардың әрбірі ‒ ақыл үшін жоғарылаудың дәнекері. Ислам дінінде жауапкер адамдардың ең әуелі жауапты ісі – ойлану, ақылды қолдану. Ойлану мен ақыл жүгірту жайлы бес жүзге тарта аят бар. Құран Кәрімде жаратылыс әлеміне қатысты дәлелдер ғибрат алу сезімін арттырып, Хақ Тағаланың нығметін еске салып, сол арқылы ақыл-ойы Алла Тағалаға бағытталады. Дін жолы біреудің артынан көрсоқыр адамша еруден қайтарып, дәлел іздеуді талап етеді. Ойлану мен ақылға салу әдісі діни міндеттердің қатарынан болғандықтан, тура жол мен ақиқатты бұл жолмен білмеген жан діни тұрғыдан ғалым ретінде қабылданбайды. Ойлану мен ақыл жүгіртудегі негіз – ой еркіндігі. Ислам дінінің ең басты ерекшелігі ‒ дәлелді басшылыққа алуды қабылдап, көпе-көрнеу еліктеуді құптамауы.
Діни әдіс – философиялық әдістер сүйенетін бүкіл негіздерді қамтығандықтан, сенімдірек және бәрін де қамтушы. Адамдардың басым көпшілігі дін жолымен жүреді. Дін жолы – адам рухын толықтай қанағаттандырып, жүректі шым-шытырық ойлардан, күмән мен жалғаннан сақтағандықтан әлдеқайда әсерлі. Философиялық жол бүгінге дейін ақыл-ойды бұлыңғыр түсініктерден құтқара алмаған. Оған қоса философиялық түсініктердің арасында да үйлесім көрінбеген. Философия жолы ‒ бір-бірін теріске шағырушылардың тобы. Ал дін жолы ‒ бір-бірін растаушылар, құптаушылар жолы. Өйткені бұрын келген пайғамбарлар кейін келген пайғамбарларды, кейінгілері бұрынғы пайғамбарларды растаған. Ал философтар әрдайым бір-бірін терістеген, қателескен деп білген, ақымақтықпен айыптаған. Бұның себебі: пайғамбарлардың қайнары бір. Ол қайнар – иләһи уахи. Ал философтардың қайнары ‒ тек адам ақылы мен санасы. Көшбасшысы ақыл болмаған уахи қашан да кемшін болады. Адам ақылы мен ойының уахиға, пайғамбарларды жіберуіне мұқтаждығына қатысты маңызды мәселелер «пайғамбарларға иман» тақырыбында жан-жақты айтылады.
«IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығынан жарық көрген
«BAQYTTYÑ KILTI» кітабынан