Айттың бірінші күні күн шығып, карахат (намаз оқылмайтын уақыт) уақыты өтіп кеткен соң, жамағат сап түзеп, айт намазына имамға ұюға ниет етеді. Намаз ифтитах тәкбірімен басталады. «Субхәнәка» дұғасы оқылады, сосын имам «Аллаһу әкбар» деп, қолдар көтеріліп, түсіріледі (Басқа тәкбірлердегі сияқты имам жария түрде тәкбір айтады, ал жамағат жасырын түрде тәкбір айтады). Үш рет «Субханаллаһ» дейтіндей уақыт кідіреді. Үш рет тәкбір алынып, үшінші тәкбірде қолдар байланады. Имам жасырын түрде «Ә’узу бисмилләһ» оқиды, сосын «Фатиха» сүресін оқиды, ең соңында жамағат жасырын «Әмин» дейді. «Фатихадан» кейін қосымша сүре немесе аят оқылады. Рүкүғ пен сәждеден кейін екінші рәкәғатқа өтеді. Қырағаттан кейін имам тағы да «Аллаһу әкбар» дейді, осы тәкбірмен үш рет қолдар көтеріліп тәкбір алынады. Тәкбірмен рүкүғқа барады (Рүкүғ тәкбірінде қол көтеру жоқ. Рүкүғ тәкбірі – уәжіп). Намаз басқа намаздар сияқты аяқталады. Намаздан кейін имам мінберге шығады, тіке тұрып (өйткені азан оқылмайтындықтан имамның күтуінің қажеті жоқ), «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә иллАллаһу уАллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» дейді.
Яғни екі тәкбір, бір таһлил; екі тәкбір мен мақтаудан тұрады, оның сөзбе-сөз мағынасы: «Алла бәрінен де ұлық, Алла бәрінен де ұлық. Алладан басқа құлшылық етуші (ма’буд) жоқ, Алла бәрінен де ұлық, Алла бәрінен де ұлық, Барлық мақтау мен мадақ бір Аллаға тән» дегенді білдіреді. Жамағат та бірге оқиды. Бұл «Ташриқ тәкбірі» деп аталады. Хатиб хұтпаны осы тәкбірмен бастап, екі уағыз айтады. Аралары кішкене бір үзіліспен бөлінеді. Екінші уағыздың басында мінберден түсер алдында тағы да тәкбір айтады. Уағыз барысында «Ораза айт» кезіндегі пітір садақасының шарттарын түсіндіріп, «Ораза айтында» құрбандық шалу, намазда тәкбір айтудың қажеттігін түсіндіреді. Уағыз аяқталғаннан кейін уағызшы михрабқа барып, дұға жасалады.
Ораза айт
Ерте тұру, намазға шығар алдында тәтті нәрсе жеу, мисуак қолдану, дәрет алу, жағымды иісі бар нәрсе пайдалану (яғни ауызды, денені және тілді бұрмалау арқылы ешкімге зиян келтірмеу үшін, әдептілік ережелерін сақтау), әдемі киіну, намазға бара жатқанда жасырын тәкбір айту, кез келген жолыққан адамға күлімдеген жылы шырай таныту ұсынылады. Бірақ құрбан айт намазынан кейін құрбандық шалатын болса, оның етінен жеп, жолда жария тәкбір айту ‒ мұстахаб. Мешітке кіргеннен кейін екі мерекеде де намаз уақыты кіргенше шын жүректен, бар жан-тәнімен тәкбір айтылады. Имам бірінші рәкәғатта тәкбірлерді ұмытып, «Фатиханы» оқып жатқанда немесе оқығаннан кейін есіне алса, тәкбірлерді айтады, бірақ қырағатты қайталап оқымайды (өйткені ол толық, бұзылмайды), ал рүкүғтан кейін есіне алса, тәкбірлерді айтпайды. Парыз тәкбірлерді ұмытқаны үшін, сәһу сәждесін жасау қажет болғанымен (жұма және айт намаздарында халық көп болатындықтан, жамағат арасында түсініспеушілік туындамас үшін), сәһу сәжделері тәрк етіледі. Намазға қосымша тәкбірлер айтылған соң үлгеріп, имамға ұйыған адам ифтитах тәкбірінен кейін «Субхәнәка» айтпастан үш тәкбір айтады. Егер бірінші рәкәғаттың рүкүғіне үлгерсе, тік тұрып ифтитах тәкбірін айтып, бірден рүкүғқа барады, рүкүғтағы тасбихтерді оқымай, қолын көтермей, үш рет қосымша тәкбірлерді айтады. Рүкүғқа үлгере алмаса, тәкбірлер айтылмайды. Егер екінші рәкәғатта имамға ілессе, имам сәлем беріп, бірінші рәкәғатты оқығаннан кейін қиямға барады, тек тәкбірлерді қырағатты оқығаннан кейін алады. Тәшәһһудта болған кезде имамға ұйыса, имам сәлем бергеннен кейін орнынан тұрып тәкбір алып, екі рәкәғатты да оқиды (жамағатпен оқығанындай). Соңғы отырыста жамағатқа үлгере алмаған адам айт намазын жалғыз оқи алмайды. Айт намазының қазасы жоқ.
Айт намазын кешіктіріп оқу
Ораза айт намазы ешбір үзірсіз өзге күнге ауыстырылып оқылмайды. Күннің түнеріп, аспанның алғашқы күні анық көрінбеуі себепті екінші күні таңнын атысымен бірден оқылады. Құрбан айт намазында үзірлі себепті күн көзі көрінбей күмәнді болса, үшінші күн түске дейін күткенмен ешбір кедергісіз күткізу мәкрүһ саналады.
«IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығынан жарық көрген
«Ислам ғылымхалы» кітабынан