Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Е.Көшеке мен «Орталық», атынан орталықтың бірінші бастығы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы, «Халық арасында деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, осы Меморандумды бекітуге уағдаласты.
Меморандум мәні:
Тараптар өкілеттік шеңберінде діни қызмет саласында өзара әрекеттесе отырып, меморандум аясында көзделген шараларды бірлесіп іске асыруға, әдістемелік нұсқаулықтар, кітаптар, бірлескен бейнематериалдар шығаруға міндеттенеді.
Меморандум мақсаты:
Тараптар арасында бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған келесі іс-шараларды өткізу: брифингтер, тренингтер, кездесулер, акциялар, біліктілікті арттыру курстары, және т.б.;
Қол қою 24 қаңтар 2025 жылы Алматы облысы, Қонаев қаласында жүзеге асты.