Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультеті мен «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы арасында өзара әрекеттестік туралы МЕМОРАНДУМ бекітілді

   «Аударма – өркениет феномені ретінде: әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасы негізінде» атты халықаралық ғылыми конференция әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдығына арналған IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ФОРУМЫ аясында өтті. Конференция аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы арасында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Меморандум мақсаты:

       Тараптар арасында келесі салаларда біріккен жұмыстар атқаруға  келісілді:

   Бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған келесі іс-шараларды өткізу: брифингтер, тренингтер, кездесулер, акциялар, біліктілікті арттыру курстары арқылы қоғам сұранысына сай білікті теологтерді даярлау және діни қызмет саласындағы өзекті мәселелер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша әдістеме-анықтамалық материалдарды бірігіп әзірлеу;

        Тараптармен келісілген кез келген әрекеттестік түрлері әрі тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. іс-шараларды өткізу.
Конференция соңында «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығынан жарық көрген еңбектер университет кітапханасына сыйға берілді.