Алматы облысының  дін істері басқармасы мен «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығы арасында өзара әрекеттестік туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды

    Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Е.Көшеке мен «Орталық», атынан орталықтың бірінші бастығы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы, «Халық арасында деструктивті діни идеологияның  таралуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, осы Меморандумды бекітуге уағдаласты.

Меморандум мәні:
    Тараптар өкілеттік шеңберінде діни қызмет саласында өзара әрекеттесе отырып, меморандум аясында көзделген шараларды бірлесіп іске асыруға, әдістемелік нұсқаулықтар, кітаптар, бірлескен бейнематериалдар шығаруға міндеттенеді.

Меморандум мақсаты: 
    Тараптар арасында бейбітшілікті және конфессияаралық келісімді насихаттауға, діни экстремизм және терроризмге қарсы бағытталған келесі іс-шараларды өткізу: брифингтер, тренингтер, кездесулер, акциялар, біліктілікті арттыру курстары, және т.б.;
Қол қою 24 қаңтар 2025 жылы Алматы облысы, Қонаев қаласында  жүзеге асты.