Оразаның парыз екенін дәлелдейтін аяттар мен хадистер:
1. «Ей, мүміндер! Сендерден бұрынғыларға ораза парыз етілгені сияқты, сендерге де зияннан сақтануларың үшін ораза парыз етілді» («Бақара», 183).
2. «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әрең жететіндер пидия ретінде бір жарлының тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек. Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ. Біле білсеңдер, ораза ұстағандарың өздеріңе жақсы». («Бақара сүресі», 184).
3. Имам Бұхари Абдулла бин Омардан (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар», ‒ деген.
4. Тағы да Имам Бұхари Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят еткен хадисінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін айтады: «Кімде-кім Рамазан айында парыз деп иман келтіріп, ораза ұстаса, ол кісінің өткен күнәлары кешіріледі».
Ораза хижреттің екінші жылы (зекеттен кейін) парыз етілді.
Оразаның сипаттамасы
Ораза ұстау парыз болған адам ғибадат ниетімен таңның атысынан күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден тыйылады. Ғибадат ниетімен оразаны бұзатын нәрселерден сақтануға имсак делінеді. Имсак ифтар (ораза ашу) дегенді де білдіреді. Уақыт ұзарса ‒ ораза ұзарады, қысқарса ‒ ораза қысқарады. Себебі Рамазан айында ораза ұстаудың басты себебі – Рамазан айына жету болып табылады. Әрбір ораза жеке ғибадат болғандықтан, сол күннің түнінің басталуы парыз болуына себеп болады.
Оразаның дұрыс болу шарттары
Ниет ету керек (егер әйел болса, етеккір келмеу немесе босанудан кейінгі кезеңде болмау). Ниет ‒ (жүректен, мойынсұну ниетімен) кез келген оразаның дұрыс болуының шарты. Құлшылыққа ниет етпей, тыйылу арқылы ұсталатын ораза ораза деп аталмайды.
Ниетте шынайылық шарт, немесе күмәнді ниет дұрыс саналмайды. Ниет уақытында болуы керек. Рамазан айында ниет ету уақыты – күн батқаннан келесі күні күн шыққанға дейінгі уақыт. Осы мерзімде ниет етілсе де болады. Ораза кезінде сәресі ішу де ниетке жатады.
Оразаның хикметі
Ораза негізінен аштықты білдіреді. Бұл шариғатқа сәйкес келмейді. Алайда оразаның өзі адамдарды шариғат тыйым салған күнәлі істерден тыйып, жақсылық пен қабыл болатын істерге бағыттайды. Адамдарда жан қалауына қарсы тұру, имандылыққа ұмтылу сияқты мүдделерге табиғи сұраныс болды.
Ораза ұстау барысында адам Алланың берген нығметтерінің қадірін түсініп, барына шүкір етеді. Ораза ұстау арқылы адамның нәпсісі жөнге келіп, хайуандық қасиеті әлсіреп, періштелік қасиеті күшейеді. Құтылуға тек нәпсіні тазарту арқылы жетуге болады. Ораза ‒ жамандықтан қорғайтын қалқан іспетті. Бұл ‒ моральдық ауруларға қарсы қорған. Осылайша ол қоғамдық тәртіпті сақтайды.
Оразаның физикалық та сауабы бар. Ораза – дененің діни аскетизмі. Ораза ұстаған адам қалыпты уақытта тамақтануға дағдыланады. Ораза ұстаушының жүрегі рухани сезімдерге толы болады. Мұның денсаулыққа пайдасы көп. Сондай-ақ ораза адамдарды сабырға, төзімділікке баулиды. Алдыңда ішіп-жеу үшін тамағың дайын тұрса да, уақыты келгенше ішіп-жей алмау ‒ үлкен шыдамдылық пен төзімділікке байланысты.
Оразамен жүрек тазарады, адамдар аштықты сезінеді және көпшілігі аштық азабын сезінген кедейлердің жағдайын түсініп, мейірімділік көрсетеді. Ораза тек Алла разылығы үшін. Мұндай игіліктерге ораза ұстау арқылы ғана үміт артуға болады.
Жолда жүргенде, ауырғанда, мүгедекке ораза ұстауға рұқсат етіліп, денені әлсірететін оразаларға тыйым салынып, бақыт пен шаттыққа толы Құрбан айт күндерінде ораза ұстау харам етілген.
«IHSAN» Ғылым және мәдениет орталығынан жарық көрген
«Ислам ғылымхалы» кітабынан